Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"60 мың теңге аламыз": Жаңаөзенде жалақыны көтеруді талап еткен жұмысшылар бас көтерді

Жарияланған күні:

Жұмысшылар
Кадр: КТК арнасы

Жаңаөзенде қала тазалығына жауапты жұмысшылар бас көтерді. Көше сыпырып, шөп шауып, қоқыс жинаумен айналысатын 100-ге жуық әйел жалақыны көтеруді талап етіп отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл – мұнайшылар қаласында наразылық білдіріп отырған осымен жетінші еңбек ұжымы.

"Жалақымыз 60 мың теңге – мардымсыз! Нарық шарықтап тұрған кезде 60 мың жалақымыз ешқандай күнкөріске жетпейді. Сол жалқымызды 150 мың теңгеге көтеріп беруіңізді сұраймыз. Талап етеміз!", - дейді "Глобал Строй и К" ЖШС жұмысшылары.

Күні бойы қала тазалығымен айналысатындар 60 мың теңгеге "тек көше сыпырып қана қоймай, арам шөп жұлып, тіпті кейде үйлердің арасын тазалап, қоқысты да жинап жататынын" айтады.

Сондықтан олар жұмыстың ауырлығын ескере отырып айлықты 150 мың теңгеге дейін көтеру, еңбек демалысын 36 күнге созу, әлеуметтік төлемдерді заң бойынша уақтылы төлеу, зейнетақы қорына уақтылы ақша аудару, лас жұмыс атқаратынын ескеріп, қосымша төлем енгізу сынды 10 талап қойып отыр.

Ал әкімдік мәселені заң аясында шешу керектігін жеткізді.

"Мәселенің мән-жайы жергілікті әкімдіктің бақылауында. Ары қарай бұл дауды заң аясында реттеп шешуге жұмыс істейміз. Жұмысшыларға бұлай жұмысты тоқтатпай, еңбек дауын заңмен шешіп, өндіріске кедергі келтірмей мәселені шешу керектігін түсіндірдік", - дейді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923373-60-myn-tenge-alamyz-zanaozende-zalaqyny-koterudi-talap-etken-zumyssylar-bas-koterdi/