Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Клиент үшін төбелесеміз": Павлодарлық жезөкше "мамкалардан" қандай қорлық көретінін жайып салды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: arnapress.kz

Павлодардағы қонақүйлердің барлығында жезөкшелер жұмыс істейді. Бұл туралы Светлана атты келіншек мәлімдеді. 18 жасында жүкті болып, кейін тағдырдың тауқыметін көп көрген ол амалсыздан әлемдегі ең ескі мамандықты таңдайды. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Светлана көпшілікке беймәлім жұмысының қыр-сырын ақтарды.

Светлана бойжеткен кезінде арманы асқақ, мақсаты айқын қыздардың қатарында болатын. Алайда, сүйіктісінен аяғы ауыр болып, жігіті үйленуден бас тартқан соң өмірі 180 градусқа өзгереді.

«Екеумізде бала болатынын білген соң жігітім мені лақтырып кетті. Өзім ауылдан шыққам. Ата-анама жағдайымды айтпай жүрдім. Жүктіліктің 7-8 айында ата-анам да естіп, менен бас тартты. Оларды ұятқа қалдырғаным рас. Осылайша, жалғыз қалдым», - дейді Светлана.

Балалы болған соң Светалана сәбиі мен өзін асырау үшін бар амалын жасайды. Тамақ үшін таныстарынан қарыз алып, кейін қайтара алмай, жаны қысылады. Сол кезде ол бейтаныс әйелмен танысқан.

«Жұмысқа шығайын десем баламен отыратын адам болмады, ондай адам тапсам да жұмысқа дипломсыз қабылдамады. Қиналып шаршап кетіп, далада жылап отырғанмын. Бір сәтте жаныма бұрын танымаған әйел адам жақындап, жағдайымды сұрады. Ол маған мәселемді шешіп, жұмыс тауып беруге уәде берді. Бірақ қандай жұмыс екенін айтпады. Кейін пәтерге шақырып, тағы екі қызға түсіндіре бастады. Мен бәрін ұқтым, жағдайым қиын болған соң, келістім. Бір пәтерде үш қыз жұмыс істедік. Сутенер әйелді «мамка» деп атайды. Пәтердегі жезөкше қыздар клиенттерді үзіліссіз қабылдайды. Таңертеңнен кешке дейін клиенттер тоқтамайды. Етеккір келсе, оны тоқтатып тастайтын дәрі берелі. Әлгі дәрі қыздардың ағзасына жаман әсер етіп, кейін олар ауыра бастайды», - дейді павлодарлық әйел.

Екі жыл бойы сутенердің қарамағында жұмыс істеген Светлана кейін өзі бөлек кеткен. Оның айтуынша, Павлодарда бірнеше притон бар. Олардың барлығында жезөкшелер емін-еркін жүреді. Тіпті, сутенерлер арасындағы бақталастық өршіп тұр екен. Олар клиентке таласып, бір-бірінің қарамағындағы жезөкшелерді ұрып-соғады.

«Притондардың жұмыс істейтінін барлығы біледі. Жоғары лауазымдағы адамдардың біріне ақша төлейтінін нақты білемін. Ол адамның өзі оңтүстіктен келген қыздарды пәтерге отырғызып, құжаттарын алып қойып, жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін естідім», - дейді Света.

Әңгімелесуші бұл жұмыстан бас тартқысы келетінін, тапқан ақшасы көп болса да, берекесі жоқтығын айтады. Света жас қыздарды мұндай жеңіл әрі арам ақшадан бас тартуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1923405-klient-usin-tobelesemiz-pavlodarlyq-zezokse-mamkalardan-qandai-qorlyq-koretinin-zaiyp-saldy/

pixel