Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда басшысынан кек алмақ болған азамат полицияны аяғынан тік тұрғызды

Опубликовано:

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда басшысынан кек алмақшы болып, полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген ақтаулық тұрғын ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, 17 шілде күні кезекші бөлімге белгісіз ер адам хабарласып, құрылысы аяқталмаған зауыттың бірінде жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

Оқиға орнын полиция қызметкерлері тез арада қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар мен қызметтік иттер арқылы тексеруге кіріскен. Алайда нысан аумағынан ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Нәтижесінде 38 жастағы ер адамның жалған хабарлама бергені анықталған.

Күдікті соңғы төрт жыл бойы қала аумағында қызмет атқарып жүрген Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты.

Полиция ер адамның бұрын сотты болғанын атап өтті.

Ол жалған хабарлама беруіне өзін жұмыстан босатқан басшысы себеп болғанын айтқан. Яғни ер адам осылайша өш алмақ болыпты.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр.

Айта кетейік, ҚК 273-бабы бойынша яғни терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлама таратқан тұлға бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923427-atyrauda-bassysynan-kek-almaq-bolgan-azamat-policiyany-ayagynan-tik-turgyzdy/

pixel