Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда көңілді кешке жалаңаш қатысқандар қамауға алынды

Опубликовано:

Жалаңаш
Видеодан кадр: Qumash

БҚО Бәйтерек ауданының №2 сотында жағажайдағы жалаңаш кешке қатысушыларға қатысты әкімшілік іс қаралды. Екі адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Соттың хабарлауынша, 28 жастағы ер адам мен 20 жастағы қызға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы, 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

"2021 жылдың 18 шілдесінде түнгі сағат екі шамасында Батыс Қазақстан облысы Байтерек ауданы, Трекин ауылдық округінде орналасқан "Ванильные берега" жағалауында, яғни қоғамдық орында жігіт пен қыз мас күйде болып, айналадағы адамдарға құрметсіздік танытып, қоғамда қалыптасқан әдеп ережелерін елемей, қоғамдық тәртіпті бұзып, көптеген адаммен бірге жалаңаш күйде биге қатысты", - деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметі.

Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, жігіт 10 тәулікке, бойжеткен 5 тәулікке қамауға алынған.

Айта кетейік, бұған дейін Орал маңындағы жағажайда өткен кеште жастардың шешініп, ашық сайыстарға қатысқаны хабарланды. Осы ретте кештің жүргізушісі қызды "Ева", жігітті "Мистер Икс" деп атаған.

Аталмыш оқиғадан кейін өңір басшысы Ғали Есқалиев Бәйтерек ауданының әкіміне сөгіс жариялап, жағажай иеслері мен жалға алушыларды, сондай-ақ қоғамдық тәртіп бұзғандарды барынша қатаң жазалауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923458-batys-qazaqstanda-konildi-keske-zalanas-qatysqandar-qamauga-alyndy/

pixel