Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызметкерлерін вакциналамаған жұмыс берушіні қандай жаза күтіп тұр

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызметкерлері арасында вакциналауды ұйымдастырмаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жұмысшылар арасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны ұйымдастырмағаны үшін жұмыс берушілер Кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік арқалайды", - деді қалалық бас санитар дәрігердің орынбасары.

Сондай-ақ, ол елордалықтар арасында әлі де ұжымдық иммунитет қалыптаспағанын еске салды.

"Кейінгі бір айда вакцина алғысы келетіндердің саны артқанымен, ұжымдық иммунитет қалыптасатындай ауқымға жеткен жоқпыз. Аурудың таралуын әрі қарай болдырмау үшін 15 шілдеде Бас санитар дәрігер қаулы шығарғанын білесіздер.

Осы құжат бойынша 10 тамызға дейін коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін, 1 қыркүйекке дейін екінші компонентін алмаған жұмысшылардың офлайн режимде жұмыс істеуі шектеледі. Тек медициналық қарсы тұрақты көрсетілімдері бар және 3 ай көлемінде ауырып шыққан адамдарға бұл шектеудің қатысы жоқ", - деді Жанна Пралиева.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордадағы инфекциялық станционарлардағы төсек-орын толымдылығы 72 пайызға жеткенін хабарлаған болатын.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта астанада тұрғындар арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші шарықтау шегінде тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923467-qyzmetkerlerin-vakcinalaudy-uiymdastyrmagan-zumys-berusini-qandai-zaza-kutip-tur/

pixel