Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мал бағып жүрген жасөспірім 6 метрлік шұңқырға құлап кетті

Опубликовано:

Құлап кетті
Оқиға орнынан фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Ақтөбе облысында мал бағып жүрген жасөспірім 6 метрлік шұңқырға құлап кетті деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мал бағып жүріп, абайсызда шұңқырға құлап кеткен 2005 жылы туған жасөспірім құтқарылғандығы туралы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, келеңсіз жағдай 20 шілдеде Алға ауданы Бестамақ ауылынан екі шақырым жерде болған.

"Мал бағып жүрген уақытта 2005 жылы туған жасөспірім абайсызда шұңқырға құлап кетті", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлап департаментінің қызметкерлері жасөспірімді алты метр шұңқырдан алып шыққан.

Қазіргі уақытта бала ауруханаға жатқызылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1923479-aqtobede-mal-bagyp-zurgen-zasospirim-6-metrlik-sunqyrga-qulap-ketti/

pixel