Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көршілер педофилді ұстады": Полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Опубликовано:

Кісенделген ер адам
Көрнекі фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында педофил ұсталған сәт түсірілген видео тарап кетті. Полиция қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Көршілер педофилді ұстады. Ер адам бес жасар қызға тиіскен. Оны әкесі көріп, полицияны шақырған", - делінген видеоның астындағы жазбада. 

Видеодан полицей формасын киген қызметкерлерді көруге болады. Олар видеоға түсіріп тұрған адамдарды ұстап, ер адамға жақындатпай тұр. Дегенмен біреуі күдіктінің бас киімін қағып жіберіп, түрін көрсетуді талап еткен.

Қызылорда облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі (Жас балаларды азғындық жолға түсіру, көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. Кінәлі адам анықталған, оның іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі.  

"Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамалары белгіленіп, кешенді тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді", - дейді полицейлер.

Айта кетері, осы бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923500-korsiler-pedofildi-ustady-policiya-zelide-taragan-videoga-tusinikteme-berdi/

pixel