Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр мен аптап ыстық: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Ыстықтап тұрған қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

23 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр жауады.

Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста және оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл күшейеді, республиканың батысы мен шығысында бұршақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923545-zanbyr-men-aptap-ystyq-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel