Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Алматыда "дельта" штамы бой бермей тұр

Опубликовано:

Жансақтау бөлімі
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда вирус мың адамнан анықталды. Бұл пандемия басталғалы мегаполисте ауру жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші деп хабарлайды "Хабар 24".

Былтыр короновирус өршіп тұрған кездің өзінде қалада тәулігіне 500-700 адам ауыратын. Шаһар әкімдігінің хабарлауынша, шілденің үш аптасында дертті жұқтырғандар саны 4 есе өскен.

Әсіресе, "дельта-штамының" тез таралып жатқаны байқалады. Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі қаладағы денсаулық сақтау жүйесін коронавируспен күреске жұмылдырған.

Мегаполисте "ұжымдық иммунитет" қалыптастырудың баяу жүруі жаппай ауру жұқтыруға әкеліп отыр. Сондықтан, билік өкілдері алматылықтарды вакцина алуға шақырды.

Мамандардың айтуынша базарлар, қоғамдық көлік, қоғамдық тамақтану орындары мен адамдар көп жиналатын демалыс саябақтары – инфекция жұқтыратын негізгі ошақтар.

"Қаладағы кардиологиялық орталығымызды коронавирустық стационар қыламыз. Бірақ онда көбінесе коронавируспен ауырғандар және жүрек аурулары бар пациенттер орналастырылады. Одан кейін өзімізде барлық стационарымыз бар, ревмотологиялық орталық бар, солардың барлығында біз коронавирустық стационарлар дайындаймыз", - дейді Алматы қаласы ҚДБ басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.

Еске салсақ, бұған дейін Олимпиада ашылуынан бір күн бұрын Токиода коронавирус жұқтырудан жаңа антирекорд тіркелгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923548-covid-19-almatyda-delta-stamy-boi-bermei-tur/

pixel