Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда шенеуніктің қатысуымен болған жанжал видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жанна Тоқбаева
Видеодан кадр: t.me/yyedilov

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының жетекшісі Жанна Тоқбаеваның қатысуымен түсірілен видео пайда болды. Кадрларға қарағанда оқиға Ақтаудағы "Ақбота" саябағында болған деп жазады Lada.kz.

Бейнежазбаны саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-каналында жария етті. Оның сөзінше, видеода Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының жетекшісі Жанна Тоқбаева көрсетілген.

Кадрларға қарағанда шенеунік пен саябақтағы кәсіпкердің арасында сусынның бағасы үшін дау шыққан. Кадр сыртындағы әйел адамның дауысы шенеуніктің тауар бағасын 100 теңге түсіріп беруін өтінгенін айтады. Алайда сатушы келіспепті.

"Мен сізден 100 теңгеге жеңілдік жасауды өтіндім, неге сонша қымбат екенін сұрадым", - дейді мемлекеттік қызметкер.

"Мен жеңілдік жасамаймын деп айттым. Өйткені біз тауарды қандай ақшаға сатып аламыз, жалға алу ақысын төлейміз. Сол себепті үстінен қосамыз. Бізде де бірнәрсе болуы керек шығар? Бұл біздің маусымдық жұмыс", - дейді кәсіпкер әйел.

Мемлекеттік қызметкер жағдайды әлдекімге түсіндіріп жатып, саябаққа төрт баламен келгенін айтқан. Алайда ол өзімен алып шыққан картасында тек 1000 теңге ғана болыпты. Сол себепті шенеунік жеңілдік сұраған.

Жанна Тоқбаева видео астына өзінің пікірін де қалдырған.

"Шын мәнісінде, мұнда алмұрт шайының 1 литрі 500 теңге тұрады. Ал ол дүкендерде 270 теңге. Сол күні менде 900 теңге болды. Қызыма 500 теңгеге ойыншық алдым, шырын ішкісі келді. Менің 100 теңгем жетпей қалды.
Шырынды қайтарып бермек болдым, бірақ менің кішкентай қызым жылай бастады. Мен неге қымбат деп сұраған кезде сатушы жалдау ақысы қымбат екенін айтып, мені видеоға түсіре бастады. Бұл жерде көпбалалы аналар көп жүреді. 500 теңгенің шырыны - бұл қымбат, оның үстіне кішкентай балалар мұны түсінбей, алып бер деп жылайды", - деді Тоқбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923581-aqtauda-seneuniktin-qatysuymen-bolgan-zanzal-videoga-tusip-qaldy/

pixel