Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық күтілуде

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады.

24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Одан бөлек бұршақ жаууы ықтимал.

Ал еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Синоптиктердің болжауынша, күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 градусқа дейін аптап ыстық болады. Оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта ауа температурасы 38-42 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстікте ауа температурасы 32-40 градус ыстықтан 20-30 градусқа дейін біртіндеп төмендейді.

Еске сала кетсек, бүгін, 23 шілдеде еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауатынын, батыста қатты жаңбыр жауатынын жазған едік.

Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста және оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл күшейеді, республиканың батысы мен шығысында бұршақ болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923596-elimizde-aldagy-kunderi-46-gradusqa-deiin-ystyq-kutilude/

pixel