Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат немере бағатын ата-әжелерге зейнетақыға қосымша ақы төлеуді ұсынды

Опубликовано:

Ләззат Қараманова
Фото: dalanews.kz

Арыс тұрғындарымен кездескен депутат Ләззәт Рамазанова немересін бағатын зейнеткерлерге мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсету мәселесін көтерді, деп жазады Dalanews сайты.

Оның айтуынша, мұның арқасында тұрмыстық жағдай түзеліп, ата-әже мен немере арасындағы байланыс нығаяды, отбасылық құндылықтар дәріптеледі, бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесінің шешілуіне оң әсерін тигізеді.

"Түркияның Измир аймағын мысалға келтірейін. Ол жерде немересін бағатын ата-әжеге мемлекет зейнетақысының 50 проценті көлеміндегі қосымша ақыны әлеуметтік көмек ретінде төлейді. Бәлкім, осы әдісті біздің қоғамда да қолданысқа енгізіп көру керек шығар. Өйткені бұл жобаны жүзеге асыру арқылы бірнеше мәселе шешімін табады", – дейді президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы.

Басылымның хабарлауынша, мұндай бастамаға қолдау білдірген Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова алдағы уақытта жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратынын атап өткен.

Сондай-ақ, депутат елімізде отбасы институтын дамытуға республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу керектігін де атап өткен.

"Осы жолда табысты жұмыс жүргізген елдегі кәсіпкерлерге заң аясында салықтық жеңілдіктер қарастыруды қолға алғанымыз жөн", – дейді Ләззәт Рамазанова.

Одан бөлек, басқосуда азаматтық-құқықтық қоғамды қалыптастыру мен дамыту бағытында мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланып, алдағы жоспар туралы да айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923690-deputat-nemere-bagatyn-ata-azelerge-zeinetaqyga-qosymsa-aqy-toleudi-usyndy/

pixel