Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Қазақстанның барлық дерлік өңірі "қызыл" аймаққа енді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысы бүгінде коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді. Бір облысты қоспағанда, барлық басқа өңірлер "қызыл" аймаққа кіріп отыр.

Бұған Ұлттық денсаулық сақтау орталығының сайтында жарияланған эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтері дәлел.

Соынмен, 24 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы келесідегідей:

Еліміздің барлық дерлік облыстары "қызыл" аймақта орналасқан - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта тек Түркістан облысы қалды.

Айта кетсек, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 6521 жағдайы анықталған, бұл пандемия басталғалы бері тіркеліп отырған абсолютті антирекорд болып табылады.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша көшті әлі күнге дейін Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы бастап тұр - екі қалада да науқастар саны 1000-нан асады.

Еске салсақ, бұған дейін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдырғаннан кейін коронавируспен ауырып қалғандар санын жариялаған болатын. Ал денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният шетелдегі статистиканы мысалға келтірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923722-covid-19-qazaqstannyn-barlyq-derlik-oniri-qyzyl-aimaqqa-endi/

pixel