Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа енді

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндеі ВАК Telegram каналы.

25 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы "қызыл" аймаққа енсе, Алматы облысы "сары" аймаққа өтті.

Жалпы "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Ал "сары" аймақта Алматы облысы ғана тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде тағы антирекорд тіркеліп, 6631 адамнан коронавирус анықталған болатын.

Айта кетсек, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргі эпидемиологиялық жағдай, екпе егу жұмыстарының барысы және елімізге вакцина жеткізу жөніндегі уағдаластықтар туралы баяндаған еді.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі президентке әлемде коронавирус індетінің жаңа "Лямбда" штамының пайда болуы мен таралуы туралы айтты. Бұл вирус алғаш рет 2020 жылғы желтоқсанда Перуде тіркелген. Бүгінде індеттің осы түрін 30 мемлекетте, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық адам жұқтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923791-koronavirus-elimizdin-tagy-bir-oniri-qyzyl-aimaqqa-endi/

pixel