Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орын жоқ: Елордалық дәрігерлер COVID-19 станционарларындағы жағдайды көрсетті

Опубликовано:

Жансақтау
Фото: astana.gov.kz

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Күн сайын коронавирустық инфекцияның 1300-ден астам жағдайы тіркеледі. Осыған байланысты астаналық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды көрсетті деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кадрлардың бірінде әрең дем алып жатқан ер адамның кеудесі көрсетілген. Пациенттің өздігінен дем ала алмай, арнайы аппаратқа қосылғанын көруге болады.

Зейнеткер Мәдина Сыздықова жұбайымен бірге босаңсып, қауіпті вирусты ұмытып кеткенін мойындады.

"Жұбайым екеуміз қауіпсіздік шараларын сақтап жүргенде бәрі жақсы болатын. Құрметті азаматтар! Мен сіздерді коронавируспен ауырған адам ретінде бұл ауруға жүрдім-бардым қарауға болмайтынын ескертемін. Вирустық инфекция өте қауіпті. Қорқатындай-ақ қауіпті! Енді жұбайым екеуіміз ем алып, осы ауруханада жатырмыз", — деді зейнеткер.

Инфекциялық стационарға қайта бейінделген Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері Айнұр Омарова қала тұрғындарына үндеу жолдап, инфекцияның қауіптілігін еске салды.

"Жағдайдың ауыр екенін алдыңғы шепте күресіп жүрген бізден естігендеріңізді қалаймын. Ауыр науқастар көп, реанимациялық төсектің біреуі де бос емес. Індет жұқтырған балалар көп. Өз денсаулығыңды, өзгелердің денсаулығын қорғаудың жолы — санитарлық нормаларды сақтау және вакцинация. Вакцинация ғана аурудың ауыр күйінен және ИВЛ аппаратынан қорғайды. Вакцинация сізді де, айналаңыздағы жандарды да сақтайды", — дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923805-oryn-zoq-elordalyq-darigerler-covid-19-stancionarlaryndagy-zagdaidy-korsetti/

pixel