Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында өзеннен өтпек болған 15 турист суда тұрып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

ТЖД
Оқиға орны. Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысындағы Қора өзенінен жүк көлігімен өтпек болған 15 адам суда тұрып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше кешкі сағат 22:30-да Төтенше жағдайлар департаментіне суда қалған туристер жайлы ақпарат түскен. 15 адмның Бұрқан Бұлақ сарқырамасынан "ЗИЛ" маркалы көлігімен қайтып келе жатқаны анықталды. Өзеннен өтпек болған олар суда тұрып қалған.

Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Ескелді ауданы ТЖБ қызметкерлері жіберілген.

ТЖД
Оқиға орны. Фото: Алматы облысы ТЖД

Құтқарушылар туристерге сағат 01:40-та жеткен.

Олар туристердің өзеннің қарама-қарсы жағалауында, қауіпсіз орында екенін анықтапты. Туристердің өздерімен бірге шатырлары мен тамағы болған.

Таңға жуық адамдарды өзеннен өткізу жұмыстары басталған. Ведомство мамандарының мәліметінше, түнгі уақытта биік таулардағы мұздықтардың еруі тоқтайды. Таңға таяу өзендегі су деңгейі төмендеп, жүк көлігі 5:20-да жағажайға өз бетінше шыға алған.

Туристер құтқарушылардың көмегімен қауіпсіз орынға жеткізілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923816-almaty-oblysynda-ozennen-otpek-bolgan-15-turist-suda-turyp-qaldy-foto-video/

pixel