RU

COVID-19: Әлемнің бірқатар елінде дерттің таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлемнің бірқаттар елінде коронавирус дертінің таралуы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өз Telegram-каналында жария етті.

Бірқатар елде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәуліктік антирекордтар тіркелді: Малайзияда 17 045 жағдай, Таиландта 15 335 дерек, Қазақстанда 6 631 жағдай анықталды.

Вьетнамдық Хошимин билігі қалада коменданттық сағат енгізді. Қаулыға сәйкес 26 шілдеден бастап қала тұрғындарының көшеге шығуына шектеу қойылып, қаладағы барлық қызмет келесі күні сағат 18:00-ден 06:00-ге дейін тоқтатылады. Тек төтенше қызметтердің жұмысына рұқсат етіледі.

Словакия парламенті елде коронавирус жағдайының өршу кезеңіне байланысты Заң қабылдады. Заңға сәйкес қоғамдық орындарға барған кезде келушілерден коронавирусты анықтауға тапсырылған тесттің теріс нәтижесі туралы анықтама, COVID-19 вирусынан сауыққандығы туралы анықтама немесе вакцинация туралы сертификат талап етілетін болады.

Еске салсақ, бұған дейін Цой Тоқаевқа коронавирус бойынша еліміздің жағдайы мен "Лямбда" штамы туралы есеп бергенін жазған едік.

Одан бөлек, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцина салдырғаннан кейін коронавируспен ауырып қалғандар санын жариялағанын жазған болатынбыз. Ал денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният шетелдегі статистиканы мысалға келтірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923868-covid-19-alemnin-birqatar-elinde-derttin-taraluy-boiynsa-tauliktik-antirekord-tirkeldi/