Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткінші жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

жаңбыр ит12
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 27-29 арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, осы аптада ел аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Метрологтардың мәліметінше, аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді.

Салдарынан ауа темпертурасы төмендеп, ыстықтың беті қайтады деп күтілуде.

28 шілдеде батыс пен шығыста, 28-29 шілдеде еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік жартысында, 29 шілдеде орталықта, күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ, бұршақ жаууы ықтимал.

Ал еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы түнде 8-16, күндіз 17-30 градус аралығында, орталықта және шығыста түнде 8-18, күндіз 22-30 градус аралығында болады деп болжануда.

Айта кетейік, бірнеше күннен бері ел аумағында аптап ыстық болуда. Тіпті, ТЖМ осыған байланысты ел тұрғындарына үндеу жасаған еді.

Мамандар аса қажеттілік болмаса далаға шықпауға, ағзаны сусызданудан қорғау үшін күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішуге, аптап ыстықта кез келген физикалық белсенділіктен бас тартуға, күндіз күн сәулесі бөлмеге түспеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабуға, күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) киюге кеңес беріп отыр.

Одан бөлек, ведомство ыстық ауа райында балаларға да ерекше назар аударуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924036-otkinsi-zanbyr-bursaq-sinoptikter-aldagy-us-kunge-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel