Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде әйелін жиі ұрып-соғатын еркектерге қатер төнді

Опубликовано:

әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда әйелін жиі ұрып-соғатын еркектер татуласу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық қайталанған жағдайда тараптардың екінші рет ымыраласуына жол бермеу керек деген бастама көтерді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Бұндай ұсынысқа кері қайтарылған өтініштердің тым көптігі себеп.

Мысалы, өткен жылы 190 мың шағым тіркелген. Олардың жартысынан көбі бітімгерлікпен аяқталыпты.

"Жәбірленуші өзінің жұбайына психологиялық және қаржылық жағынан тәуелді болып, шағымынан бас тартып, татуласып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Өткен жылы қозғалған барлық әкімшілік іс жүргізудің 60 пайызы тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Болашақта біз зорлық-зомбылық фактілері бірнеше рет жасалған болса, татуласу мүмкіндігін мүлдем алып тастауды жоспарлап отырмыз", - деді ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924067-elimizde-aielin-zii-uryp-sogatyn-erkekterge-qater-tondi/

pixel