Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 60-тан астам адам уланып, біреуі қайтыс болды

Опубликовано:

Дәрігер1
Көрнекі фото: piqsels.com

24 шілдеде "Демеу" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 63 адам уланып қалды. Бір адам қайтыс болды, алайда Алматы қаласының СЭБД хабарлауынша, марқұмға екі рет ота жасалып, созылмалы аурулары болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Садуақас Байғабыловтың айтуынша, 63 адамда үлкен дәреттің бұзылуына шағымдар болған, басқа белгілері байқалмаған.

Емделуден кейін, түскі үзіліс кезінде науқастардың жағдайы жақсарып, кешке қарай тұрақталды.

"Бүгінгі күні Орталықтың мәліметінше, бұл адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ. Жұқпалы ауру туралы шұғыл хабарламалар болған жоқ", – деді ол.

Қайтыс болған адамға келетін болсақ, Байғабыловтың айтуынша, науқасқа бұрын екі рет ота жасалған және бұрын жүрек-қан тамырлары жүйесі мен бүйректің созылмалы аурулары болған. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.

Еске сала кетейік, Павлодар облысы, Баянауыл ауылында бір қабатты тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешінен ақау шығып, салдарынан бір отбасының барлық мүшесі улы газдан уланған еді.

Оған қоса, 3 маусым күні Атырау облысы Қарабатанда салынып жатқан газхимия кешеніндегі "BazisConstruction" ЖШС-нің 23 жұмысшысы асханада түскі астан уланып қалған еді.

Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала диагноз – тағамдық токсикоинфекция. Уланғандардың ең кішісі 20 жаста, ең үлкені 49 жаста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924171-almatydagy-aleumettik-qyzmet-korsetu-ortalygynda-60-tan-astam-adam-ulanyp-bireui-qaitys-boldy/

pixel