Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанкүйерлерімен кездеспек болған: Таразда блогер жолда тәртіпсіздік жасады (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/kris.p.taraz

Әлеуметтік желілерде Таразда жолда ережесіз көлік жүргізгені көрсетілген видео жарияланды. Төбесіне көптеген жігіт мінген көліктің ішінде блогер болған. Жамбыл облысы полиция департаменті видеоға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таразда жолда кетіп бара жатқан көлік видеоға түсіп қалды. Оның төбесіне жасөспірімдер шығып алған. Көліктің артынан бірнеше адамның жүгіргені көрсетілген. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Көлік ішінде Жандос есімді блогер бар екені анықталды, ол қалада жанкүйерлерімен кездесу өткізгісі келген, бірақ оған рұқсат берілмеген көрінеді.

Бірақ видео полицияның назарына ілікті. Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік кодексінің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Көлік арнайы автотұраққа қойылып, іс-шараны ұйымдастырушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, блогердің айтуынша, жанкүйерлері оның көлікке отырғанын көріп, көліктің төбесіне өздері отырып алған.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылында он бес көліктен құралған кортеж жол ережесін өрескел бұзып, полиция назарына іліккен болатын. Полицейлер тек сегіз құқықбұзушыны таба алды.

Полицияның хабарлауынша, видеодағы жағдай Басқұдық ауылының орталық жолында сағат 06:30 шамасында болған. Кортеждің сегіз жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілген. Оларға қарсы хаттамалар толтырылып, көліктері айып тұрағына жеткізілді. Кортеждің қалған мүшелерінің жеке бастары анықталып жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924221-zankuierlerimen-kezdespek-bolgan-tarazda-bloger-zolda-tartipsizdik-zasady-video/

pixel