Қазақстанда ең көп жалақы алатын мамандықтар жарияланды

Опубликовано:

Қазақстанда барлығынан көп жалақы алатын қаржыгерлер мен сақтандырушылар болды. 

2011 жылғы маусым айында  орташа жалақы  88 296 теңгені құрап, өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда   8,7% пайызға көтерілген, деп хабарлайды Mojazarplata.kz   порталы. 

Ең жоғары жалақы Атырау облысында  – орташа  164 мың теңгені құрап, тұтастай алғанда еліміздегі 2011 жылғы маусымдағы жалақыдан  1,9 есе жоғары болып отыр.   Ең төмен жалақыны Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары алатын болып шықты  – 60 400 теңге. Бұл республикалық деңгейдегі жалақыдан бір жарым есе аз.

Ең көп табатын елімізде қаржыгерлер мен сақтандырушылар.  Бұл саланың қызметкерлері айына  – 175 мыңнан 300 мың теңгеге дейін табатын көрінеді. 2011 жылғы маусымдағы ғылым, кәсіпкерлік пен техникалық қызметтер саласындағы жалақы  169 100 теңгені құрады.  Ең аз еңбекақы орман шаруашылығы мен балық шаруашылығы саласында сақталуда  – 42 600 тенге. 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/192424-kazakstanda-en-kop-zhalaky-alatyn-mamandyktar-zhariyalandy/