Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 7 мыңға жуықтады
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жаңартты. Оған сәйкес, бір тәулікте 7 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.
Қазақстанда өткен тәулікте 6925 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 1531
- Алматы қаласы - 1250
- Шымкент қаласы - 421
- Ақмола облысы - 210
- Ақтөбе облысы - 191
- Алматы облысы - 220
- Атырау облысы - 430
- Шығыс Қазақстан облысы - 312
- Жамбыл облысы - 137
- Батыс Қазақстан облысы - 197
- Қарағанды облысы - 920
- Қостанай облысы - 213
- Қызылорда облысы - 150
- Маңғыстау облысы - 267
- Павлодар облысы - 225
- Солтүстік Қазақстан облысы - 134
- Түркістан облысы - 117
Осылаша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 549 628-ге жетіп отыр.
Сонымен бірге, өткен тәулікте 5 096 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықққан. Пандемия басталғалы бері коронавирустан жазылғандар саны 457 098 науқасқа жетті.
Еске сала кетсек, 27 шілдеде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өткен болатын.
Оның барысында ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65 пайызын және тәуліктік өлім-жітім жағдайларының 55 пайызын құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында 2 тамыздан бастап карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924290-otken-taulikte-7-mynga-zuyq-qazaqstandyqtan-koronavirus-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.