Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда ұшақтың не себепті жазық далаға қонғаны белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Ұшақ
Видеодан кадр: Lada.kz

Маңғыстау облысында шаңды дауыл кезінде ұшақ далаға қонуға мәжбүр болды. Осы орайда облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаев ұшақтың не себепті жазық далаға қонғанын түсіндірді деп хабарлайды Lada.kz.

26 шілдеде куәгерлер Маңғыстау облысы аумағында шаңды дауыл салдарынан ұшақтың жазық далаға қонуға мәжбүр болған сәтінен видео жариялады.

Облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаевтың сөзінше, әуе кемесінің бортында инфаркт алған әйел отырған. Оны медициналық көмек көрсету үшін Ақтауға жеткізу керек болған.

"Бейнеу ауданының 1972 жылы туған тұрғынына асқынған миокард инфарктісі диагнозы қойылды. Науқас отырған борт Ақтау халықаралық әуежайына ұшып келді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты қонуға рұқсат берілмеді", - дейді Айларбек Шыршықбаев.

Оның сөзінше, осыдан кейін ұшқыш әуежай маңына жақын жерге өз бетінше қонуға шешім қабылдап, әйелдің өмірін құтқарып қалған.

Пациент Маңғыстау облыстық ауруханасына көлікпен жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дубай әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалғанын жазған едік.

Оқиға 22 шілде күні таңертең болған. Ұшу жолағында соқтығысқан ұшақтар Flydubai және Бахрейн Корольдігінің ұлттық тасымалдаушысы Gulf Air әуе компаниясына тиесілі.

Бұл жайттан кейін жолаушылар кейінірек басқа рейспен ұшуға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1924347-mangystauda-usaqtyn-zazyq-dalaga-ne-sebepti-qongany-belgili-boldy-video/

pixel