Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда жалған ПТР-тест анықтамасын берген медицина қызметкері әшкере болды

Опубликовано:

ПТР
Көрнекі фото: pexels.com

Таразда жалған ПТР-тест анықтамсын берген медицина қызметкері әшкере болды деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Тараз қаласындағы емханалардың бірінің қызметкері нақты зерттеу жүргізбестен, теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасын берген.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі ("Жалған құжаттарды, бланкілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде 26 жастағы медицина қызметкері ұсталып отыр.

Ол көрсетілген қызмет үшін "ақы" алмағанын, тек бір рет ғана "жалған" анықтама бергенін жеткізді. Бұл ақпарат тергеу барысында анықталмақ.

Сонымен қатар, анықтаманы пайдаланған 47 жастағы әйелге қатысты да қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі ("Көрінеу жалған құжатты пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Полицияның дерегінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, жалған құжат дайындағаны үшін төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924364-tarazda-zalgan-ptr-test-anyqtamasyn-bergen-medicina-qyzmetkeri-askere-boldy/

pixel