Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

дәрігер-індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

29 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Түркістан облысы орналасқан.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7479 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 557 107-ге жетіп отыр.

Еске сала кетейік, кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз мәслихатында коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924494-koronavirus-elimizdin-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel