Ақтауда шалшық суға шомылған жігіт желіде хит болды (видео)
Жарияланған күні:
Ақтауда ер адамның шалшық суға түсіп жатқан видеосы пайда болды. Бейнежазбада жігіттің іс-әрекетін камераға түсіріп тұрған қыз да көрсетілген деп жазады Lada.kz.
Басылымның мәліметінше, ер адам 27 шілдеде түнде жауған жаңбырдан кейін пайда болған шалшық суға түскен. Болған жайтты жанында тұрған бойжеткен видеоға түсіріп алған.
Осы мезетте олардың маңынан патрульдік полиция өтеді. Тәртіп сақшыларын көрген жігіт дереу орнынан тұрған.
Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам мас болған. Ал оны видеоға түсіріп тұрған қыз танысы.
Полицияның ақпаратынша, олар жеңілген адам шалшыққа түседі, ал жеңгені видеоға түсіреді деп бәстескен екен. Осылайша, жігіт бәстен жеңіліп қалған көрінеді.
Аталған факті бойынша қандай да бір шағым түспеген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында он бес көліктен құралған кортеж жол ережесін өрескел бұзып, полиция назарына іліккен болатын. Полицейлер тек сегіз құқықбұзушыны таба алған.
Полицияның хабарлауынша, видеодағы жағдай Басқұдық ауылының орталық жолында сағат 06:30 шамасында болған. Кортеждің сегіз жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілген. Оларға қатысты хаттама толтырылып, көліктері айып тұрағына қойылған.
Сонымен бірге, Таразда жанкүйерлерімен кездеспек болған блогерге әкімшілік хаттама толтырылған болатын.
Оқиға видеоға түсіп қалған. Бейнежазбада жасөспірімдердің блогер мінген көліктің үстіне шығып алғаны, тағы бірнеше адамның жүгіріп келе жатқаны көрсетілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924602-aqtauda-salsyq-suga-somylgan-zigit-zelide-xit-boldy-video/