Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда белгісіз аурудан ірі қара мал қырылды

Опубликовано:

Сиыр
Көрнекі сурет: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мортық ауылында тұрғындардың оншақты бұзауы белгісіз аурудан қырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазановтың айтуынша, 21 шілде күні Уәлиханов ауданы Мортық ауылында бірнеше ірі қара малдың өлгені жөнінде телефон хабарламасы келіп түскен.

22 шілде күні ветеринарлық қызмет мамандары оқиға орнына барып, эпизоотикалық тексеру жүргізді. Арам өлген жеті бұзаудың өлексесі табылды.

"Ветеринарлар барғанда мал ісініп, бұзыла бастаған екен. Мұндай жағдайда малдың неден өлгенін анықтау мүмкін емес, өйткені ауруды анықтау үшін сынама мал өлгеннен кейін 2-3 сағаттың ішінде алынуы керек. Сондықтан тек қана болжам жасап отырмыз. Мал шөптен уланған немесе пастереллез болуы мүмкін", - дейді Қайырлы Қазанов.

Мортық ауылында барлығы 600 бас қара мал, 2 мыңға жуық қой-ешкі және 800-ге жуық жылқы бар. Тұрғындар малдарын ауылдан 7 шақырым жердегі жайылымында бағады екен. Мамандар қырылған малдардың өлексесін өртеп, орнын Дизолдың 1,5 %-дық ерітіндісімен залалсыздандырды.

Сондай-ақ, ауру таралмауы үшін эмфиземалы көршиқанға, яғни қарасанға қарсы 400 қара малға екпе егілген. Ветеринарлар жағдайды бақылауда ұстап отырғанын алға тарттты. Әзірге мал қырылуының жаңа жағдайлары тіркелген жоқ дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924651-soltustik-qazaqstanda-belgisiz-aurudan-iri-qara-mal-qyryldy/

pixel