Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш адам қаза тапты: Түркияда бірнеше танымал курорт өртке оранды (видео)

Опубликовано:

Өрт
Кадр: Telegram / rian_ru

Түркияның Анталья, Бодрум, Мармарис сынды танымал курорттық аймақтары өртке оранды. Әзірге үш адамның қаза тапқаны туралы белгілі.

Анталья қаласында орман өрті әлі сөндірілген жоқ. Жағдайды бақылауға алған жергілікті билік отты ауыздықтауға бар күшін жұмылдырған деп хабарлайды КТК арнасы.

Құтқарушылар өртті Анталья - Аланья тас жолындағы жанар-жағармай құю бекеттеріне жеткізбеуге тырысып бағуда. Тілсіз жаудан үш адам қаза тапқаны, 53 адам зардап шеккені хабарланды.

Өрттен курорттық қаланы түтін басқан, аспанда қара түнек. Жергілікті билік алапат өрт жағажайда демалушыларға еш қауіп туғызбайтынына сендірді. Ал жақын күндері Антальяға баратын қазақстандық туристердің ешбірі турынан бас тартпаған.

Сол жақта жүрген 11 мыңнан аса отандасымыздың ешбірі консулдықтан көмек сұрап келмепті. Өрт сәрсенбі күні туристер көп баратын Антальяның Манавгат ауданынан басталған.

Ыстық ауа райы, қатты желдің кесірінен қызыл жалын бірнеше жерде үдей түскен. Әлі де табиғаттың тосын мінезі өртті одан сайын ушықтырып жатыр. Шарпыған от тұрғын үйлерге жеткен. 18 ауыл мен елдімекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Өндірістік ғимараттар, жылыжай мен өзге де ауылшаруашылық нысандары қас-қағым сәтте күлге айналды. Төрт түлік жанып кеткен. Жалынға оранған орманның аумағы он гектардан асады.

"Кейбір адамдар өрттен кейінгі өте ыстық ауа райынан кейін тыныс алуы қиындағанын айтуда. Ауада күл мен тозаң ұшып жүр. Киім-кешек, дүниелеріміздің бәрін бүлдірді. Өртті сөндірумен арпалысып жатқан тікұшақтардың дауысы қатты естіледі. Туристер түк болмағандай демалып жатыр", - дейді турист Дмитрий Никитин.

Дереккөз: КТК арнасы

Сол арада Түркияның курорттық аймақтарында тағы үш жаңа өрт ошағы тіркелгенін РИА Новости хабарлады. Өрт сөндіру орындарына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жөнелтілді. Өрт Аланьядан бөлек Бодрум маңындағы Гюверджинлик ауылында, Дидимде, Мармаристе, Айдын және Еникей провинцияларында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1924661-us-adam-qaza-tapty-turkiyada-birnese-tanymal-kurort-ortke-orandy-video/

pixel