Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады

Жарияланған күні:

COVID-19 індеті11
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте 7778 адамнан коронавирус індеті анықталды. Олардың дені Алматы қаласынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1555
  • Алматы қаласы - 1680
  • Шымкент қаласы - 452
  • Ақмола облысы - 272
  • Ақтөбе облысы - 302
  • Алматы облысы - 270
  • Атырау облысы - 422
  • Шығыс Қазақстан облысы - 261
  • Жамбыл облысы - 215
  • Батыс Қазақстан облысы - 189
  • Қарағанды облысы - 931
  • Қостанай облысы - 231
  • Қызылорда облысы - 220
  • Маңғыстау облысы - 230
  • Павлодар облысы - 275
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 152
  • Түркістан облысы - 121

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 564 885-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 5 060 індеттен жазылып шыққан.

Айта кетейік, 29 шілдеде еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың кәсіпкерлік объектілерде "Ashyq" жобасын енгізуге қатысты жаңа қаулысы шықты. Сонымен қатар, жаңа құжатта коронавирусқа қатысты "қоңыр-қызыл" аймақ ұғымы пайда болды.

Қоңыр-қызыл" аймаққа инфекциялық төсек-орындардың толу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары және төсек-орындардың толу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған өңірлер жатады.

Одан бөлек, Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жақын арада жаңа қаулы шығатынын хабарлады. Оның айтуынша, қазір жағдай күрделі, Алматыда ауру жұқтыру көрсеткіші өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924678-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-8-mynga-zuyqtady/