Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында да карантин күшейтілді

Опубликовано:

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола облысының бас санитар дәрігері орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, өңірде карантин шаралары күшейтілмек. Құжат облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланған.

Жаңа қаулыға сәйкес, көпшілік жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады. Сауда-ойын сауық орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін саған кешкі 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ал сенбі және жексенбі күндері аталмыш нысандар жабық болады.

Базарлар жексенбі және мереке күндері жұмыс істемейді.

Облыстағы кафе мен мейрамханалар да жұмыс күндері ғана сағат 18:00-ге дейін ашық болады. Оған қоса, олардың толтырылуы 30 адамнан аспау керек.

Ал асханаларға толтырылуы 60 адамнан аспаған жағдайда сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін қызмет етуге рұқсат берілді.

Фитнес орталықтары мен жаттығу залдары тек жұмыс күндері сағат кешкі сегізге дейін ғана адам қабылдай алады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті таңғы сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924899-aqmola-oblysynda-da-karantin-kuseitildi/

pixel