Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы алапат өрт: Тоқаев Ердоғанға гуманитарлық көмек ұсынды

Опубликовано:

Түркиядағы өрт
Фото: twitter\Zaid Hamid

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға жеделхат жолдап, оған орын алған алапат өртке байланысты гуманитарлық көмек ұсынды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхатын жолдады.
Қазақстан президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, Президент Режеп Тайип Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі", - делінген жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1924910-turkiyadagy-alapat-ort-toqaev-erdoganga-gumanitarlyq-komek-usyndy/

pixel