jitsu gif branding logo appbranding logo app

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирустан көз жұмды

Құрбан Қаражанов
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 31-шілде күні отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Қаражанов өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, Құрбан Қаражан коронавирус инфекциясынан көз жұмған. Ол 64 жаста болған.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - деді министрлік өкілдері.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Кеңес Одағының маршалы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады. Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің Қарулы Күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.