Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жалған вакцина паспортын жасаған медбике ұсталды

Опубликовано:

Вакцинация құжаты
Көрнекі фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Атырау қаласында жалған вакцина паспортын жасаған медицина қызметкері ұсталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың айтуынша, қалалық емхананың бірінде заңсыз жолмен вакцина паспортын жасаған медбикенің ісі әшкереленген.

"Қазір өңірде жалған вакцина паспортын жасауға жол бермеу үшін барлық екпе бекетінде бейнебақылау камералары орнатылды. Медицина қызметкерлері түсіндіру жұмыстары жүргізді. Соған қарамастан, облыс әкімдігі және ішкі істер департаментімен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде медбикенің жалған вакцина паспортын жасағаны анықталды. Бұл – жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет", - дейді Қайсар Абдалиев.

Қазіргі уақытта кіші буын медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924912-atyrauda-zalgan-vakcina-pasportyn-zasagan-medbike-ustaldy/

pixel