Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр елінің екі ауылдық округінде сайлау өтуде

Опубликовано:

Сыр елінің екі ауылдық округінде сайлау өтуде
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сайлау қоғамды демократияландырудың маңызды институты, халықтың ерік білдіруінің көрінісі, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысанының бірі болып табылады. 

Осыған сәйкес, Қызылорда облысында бүгін таңғы сағат 6.00-де сайлау болатын 2 округ - Арал ауданындағы Аққұм ауылдық округі мен Шиелі ауданындағы Талаптан ауылдық округі учаскелік комиссия мүшелері келген БАҚ өкілдерінің, байқаушылардың, сенім білдірген адамдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен сайлау туралы заңның талаптарына сай, барлық процедураларды орындай отырып сайлау учаскелерін ресми түрде ашты. Таңғы 07:00-де басталған дауыс беру кешкі 20:00-де аяқталады. 

Сыр елінің екі ауылдық округінде сайлау өтуде
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Атап айту қажет, сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша сайлаушылардың жалпы санының 20,6 % дауыс берді. Ал Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округі бойынша алғаш дауыс беруге келген қарияға арнайы сыйлық табысталған.

Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ.

Сыр елінің екі ауылдық округінде сайлау өтуде
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жалпы 2 сайлау округінде 3527 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде. Барлық учаскелерде азаматтарға тиісті жағдайлар жасалған. Пандемия жағдайында сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін тиісті шаралар қабылданған. 

Сайлауға қатысатын 16 сайлау комиссияларының мүшелері бетперделермен, арнайы қолғаптармен, антисептиктермен жеткілікті түрде қамтылған. Дауыс беруге келетін сайлаушылар мен басқа да азаматтарға антисептиктер, термометрлер орнатылған. Келген сайлаушыларға бетперделер дайындалған. Барлық сайлау учаскелері дәрігер мамандармен қамтылған.

Сыр елінің екі ауылдық округінде сайлау өтуде
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924941-syr-elinin-eki-auyldyq-okruginde-sailau-otude/

pixel