Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 градусқа дейін аптап ыстық: Еліміздің бірнеше облысында дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Аптап ыстық
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мамандары аптап ыстыққа байланысты 2 тамызда еліміздің бірнеше облысында дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, 2 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз өрт қаупі сақталады.

2 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жететін жел, шаңды дауыл күтіледі. Сонымен қатар, күндіз өңірде ауа температурасы 42 градусқа дейін жетуі ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады.

2 тамызда облыс орталығы Қызылорда қаласында күндіз 41 градус аптап ыстық күтіледі.

2 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

2 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 41 градус аптап ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

2 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Сондай-ақ, облыстың оңтүстігінде өрт қауіпі сақталады.

2-4 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. 2-4 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. 2-4 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

2-4 тамызда күндіз Тараз қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. 3-4 тамызда күндіз 38 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

2 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

2 тамызда Жезқазған қаласында күндіз 36 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.

2 тамызда Түркістан облысында күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін жетуі ықтимал.

Кей жерлерде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын жел күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Өңірдің кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

2 тамызда Шымкент қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

2 тамызда Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында таңертен кей жерлерде тұман түседі. Сонымен бірге, солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

2 тамызда Петропавл қаласы түнде және таңертен тұманды болып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жететін солтүстік-батыстан жел соғуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924984-42-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-elimizdin-birnese-oblysynda-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel