RU

Елімізде бір тәулікте 7,5 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жаңартты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 7573 адам коронавирус анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Қазақстанда өткен тәулікте 7573 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1489
  • Алматы қаласы - 1540
  • Шымкент қаласы - 650
  • Ақмола облысы - 268
  • Ақтөбе облысы - 238
  • Алматы облысы - 313
  • Атырау облысы - 408
  • Шығыс Қазақстан облысы - 193
  • Жамбыл облысы - 250
  • Батыс Қазақстан облысы - 85
  • Қарағанды облысы - 901
  • Қостанай облысы - 256
  • Қызылорда облысы - 206
  • Маңғыстау облысы - 224
  • Павлодар облысы - 280
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 157
  • Түркістан облысы - 115.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 587 952-ге жетіп отыр.

Одан бөлек, өткен тәулікте 4681 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Айта кетейік, 1 тамыздағы жағдай бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің барлық өңірі "қызыл" аймақта тұр.

Жалғыз Түркістан облысы осыған дейін бірнеше күн қатарынан "сары" аймақта болып келген еді. Алайда, ақыры бұл өңір де "қызыл" аймаққа өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924994-otken-taulikte-qansa-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/