RU

Жаңаөзендік "Өрмекші адам" желі оқырмандарын кезекті рет таңғалдырды (видео)

Өрмекші
Көрнекі фото: Pixabay.com

Жаңаөзендік "Өрмекші адам" желі оқырмандарын кезекті рет таңғалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Lada.kz мәліметінше, жергілікті тұрғын Амандық Молдағұлов ешқандай сақтандырусыз кеңсе ғимаратының үшінші қабатына көтерілген.

Ер адам осылайша кабинетте кілтін ұмытып кеткен әріптесіне көмектесіпті.

Амандықтың өзі үшінші қабатқа көтерілу айтарлықтай қиындық тудырмағанын жеткізді.

Оның сөзінше, биікке шығу хоббиі екен.

Айта кетейік, ер адам аймақта бала кезінен "өрмекші адам" лақап атымен танымал.

Мыселен, 2020 жылы Амандық Молдағұлов ешқандай сақтандырусыз Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйдің бірінің төртінші қабатындағы терезеге көтерілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925093-zanaozendik-ormeksi-adam-zeli-oqyrmandaryn-kezekti-ret-tangaldyrdy-video/