Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы неге "қою қызыл" аймақта: Санитар дәрігерлер түсіндіріп берді

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қаланың неліктен "қою қызыл" аймаққа кіргенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалықованың айтуынша, елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Алматы мен тағы төрт облыс "қою қызыл" аймаққа кірді.

"Бұл алдын алу шарасы, өйткені халық арасында күнделікті тіркеліп жатқан жағдайлар саны 1200-1500-ден асады", – деп түсіндірді Қалыкова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған болатын, онда "қою қызыл" аймақтың анықтамасы пайда болды.

Бұл қауіпті деңгейдегі аймақ (жұқпалы төсек-орындардың толу деңгейі 70%-дан жоғары).

Айта кеткен жөн, бұл аймақта 2 тамыздан бастап іске асырылатын қосымша шектеу шаралары енгізілді, атап айтқанда орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, Ashyq бағдарламасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі меншік нысанына қарамастан тоқтатылатын болды.

Бұл аймаққа Алматыдан басқа Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау мен Қарағанды ​​кіреді.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жекелеген қызмет түрлері бар бизнес-орталықтар үшін Ashyq-тан тыс қызметке жол беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925119-almaty-nege-qonyr-qyzyl-aimaqta-sanitar-darigerler-tusindirip-berdi/

pixel