RU

Қарағанды кешені "Спутник V"-дың тағы 2 млн дозасын шығарады

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қарағанды фармацевтикалық кешені тамыз-қыркүйек айларында қазақстандық нарыққа "Спутник V" вакцинасының 2 млн дозасын ұсынады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Кешен мен "СК-Фармация" арасында тиісті келісімге қол қойылды. Орындау мерзімі - 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін кешен Қазақстан азаматтарына арналған вакцинаның 5 миллион дозасын шығарған болатын.

"Спутник V" - коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік препарат. 

Ақпан айында Қазақстан "Спутник V" вакцинасын тіркеп, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығара бастады. 

Бұл вакцина тұрғындардың жалпы саны 3,5 миллиард адамнан асатын 67 елде мақұлданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925121-qaragandy-keseni-sputnik-v-dyn-tagy-2-mln-dozasyn-sygarady/