Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ішінде адамы бар BMW көлігі көпірден каналға ұшып түсті (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Оқиға орны. Видеодағы кадр: instagram.com/novosti_issyka

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында апат болған жерден түсірілген видео пайда болды. Оқиға Үлкен Алматы каналы көпірінде болғаны айтылды. Ішінде адам болған BMW көлігі қоршауды бұзып, суға ұшып түскен. Оқиғаның егжей-тегжейін облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 тамызда BMW маркалы көліктің жүргізушісі Қайназар-Үлкен Алматы көпірі тас жолының солтүстік бағытында келе жатып, көпірдің қоршауына соғылып, каналға ұшып түскен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан шетелдік маркалы көліктің 31 жастағы жолаушысы зардап шекті, ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Енді тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап, BMW көлігін басқарған адамды іздестіруде.

Еске сала кетейік, Қаскелең қаласына кіре берістегі тас жолда кісі өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болған еді.

Жүргізуші қиылысқа жақындаған кезде қарсы бағытта келе жатқан көліктерді жіберіп, бұрылуға әрекет жасаған. Алайда ол Қытайда шығарылған мопедті аңғармай қалыпты.

Осылайша, мопед пен жеңіл көлік соқтығысқан. Zaz жүргізушісі мопедтегі жігіт дәрігерлер келгенге дейін қолында қайтыс болғанын жеткізді. Жедел жәрдем бригадасы кісі өлімінің тіркелгенін растады.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысы Ақсу ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болған болатын.

Анықталғандай жүк көлігі көпірден құлап, өртеніп кеткен. Жүргізуші қашып үлгерген, ал оның серіктесі үлгере алмай қалған. Оқиға орнынан ер адамның күйген денесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925136-almaty-oblysynda-isinde-adamy-bar-bmw-koligi-kopirden-kanalga-usyp-tusti-video/

pixel