Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ыстықкөлде 15 шілде күні жоғалған қазақстандық әйелдің денесі табылды (видео)

Опубликовано:

ыстықкөл
Көрнекі фото: samarkandtours.com

Қырғызстанның Ыстықкөл курортында із-түссіз жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандық туристің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

24.kg порталының жазуынша, 29 жастағы Варвара Конопасевич отбасымен бірге Ыстықкөлге демалуға барған. 15 шілде күні олар Қаракөл-Алакөл жайлауында тоқтап, шатыр тіккен.

Кешкі сағат 18:00-дің кезінде Варвара фотоға түсемін деп, әкесінен ұялы телефон сұраған. Ал өзгелер отын жинауға шығыпты.

Олар кетіп бара жатқанда Варвара тау өзені арқылы өтетін ескі ағаш көпірдің жанында жүрген. Ал ата-анасы қайтып келгенде оны таба алмапты. Осылайша бірден полиция мен құтқарушыларға хабар берген.

Варвараны 21 шілдеге дейін іздеген. Құтқарушылар 20 шақырым жерді қарап шығып, еш таба алмаған екен.

1 тамыз күні әйелдің денесі шатқалдан табылып отыр. Өлімнің мән-жайы әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925138-ystyqkolde-15-silde-kuni-zogalgan-qazaqstandyq-aieldin-denesi-tabyldy-video/

pixel