Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық әйел бір жасар қызын жұқпалы аурулар ауруханасына тастап кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Астаналық әйел бір жасар қызын жұқпалы аурулар ауруханасына тастап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведоствода хабарланғандай, №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ақпаратына сілтеме жасай отырып, қазір қыз стационарлық ем қабылдауда.

"Қазіргі уақытта бала клиникалық хаттамаға сәйкес барлық емді алып жатыр, оны кезекші және емдейтін дәрігерлер күн сайын 3-4 рет қарайды", – деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасы.

Нәрестенің анасы алкогольді асыра пайдаланатыны анықталды. Басқарманың мәліметінше, әйел балаға көңіл бөлемеген, қарамаған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады басқармада.

"Бүгін аурухана басшылығы баламен байланысты мәселені шешу үшін қорғаншылық және қамқоршылық органдарын шақырды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баланың анасы бас тарту туралы арыз жазбағаны айтылды. Әйел қызды жалғыз тәрбиелеп отыр, оның басқа баласы жоқ.

Енді қорғаншылық органдары отбасымен жұмыс жүргізіп жатыр. Олар ата-ана құқығын шектеу туралы сотқа жүгінді.

"Баладан ешкім бас тартпаса да, бала тастанды болып есептеледі. Анасы қызығушылық танытып, билік өкілдерімен байланысқа шығады. Баланың әрі қарайғы қайда болатыны туралы ақпарат сот процесі аяқталғаннан кейін белгілі болады", – деп қорытындылады басқармада.

Полиция департаменті бұл жағдай туралы ақпарат жоқ екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925143-astanalyq-aiel-bir-zasar-qyzyn-zuqpaly-aurular-auruxanasyna-tastap-ketti/

pixel