Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сілтеме бойынша ақша аударған: Ақтөбе тұрғыны алаяққа алданып қалды

Опубликовано:

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде 42 жастағы азамат "ақшамды көбейтемін" деп алаяққа алданып қалды деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы полицияға жүгінеді.

Жәбірленушінің айтуынша, оның телефонына “WhatsApp” мессенджері арқылы "сілтемеге өтіп, ақша төлегеннен кейін сіз өз кірістеріңізді екі есе арттыра аласыз" деген сарында хабарлама келген.

Слніп қалған азамат сілтеме бойынша ол 34 мың теңге аударған.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша алаяқтық туралы қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925157-silteme-boiynsa-aqsa-audargan-aqtobe-turgyny-alayaqqa-aldanyp-qaldy/

pixel