Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жоғалған баланы полиция бір сағаттың ішінде тапты

Опубликовано:

Жоғалған бала
Фото: polisia.kz

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы бір сағатта тауып, ата-анасына тапсырды деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына "102" арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында баласының үй маңында ойнап жүріп, жоғалып кеткендігін көрсеткен.

Қаратау аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі №59 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жоғалған баланы бір сағат ішінде тауып берді.

Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға балаларына бас-көз болуға шақырады. Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз, тез арада "102" нөміріне хабарласыңыз.

Еске сала кетсек, 1 шілдеде Петропавлдың Рабочий ауылының тұрғыны полицияға жүгініп, жоғалған бұрынғы күйеуін табуға көмектесуін сұраған болатын.

Тәртіп сақшылары ер адамның достары, әріптестері және көршілерімен сұхбаттасты. Іздеуге еріктілер де қосылды. Кейіннен "102" жедел арнасына дүкендердің бірінде әйел адам басқа біреудің банктік карточкасының шотынан тамақ сатып алу үшін ақша төлеуге тырысқаны туралы сигнал түсті.

Айта кеткен жөн, Петропавлда Есіл өзенінің жағасында жоғалған 44 жастағы ер адамға іздеу жарияланғаны туралы хабарлаған едік.

Ер адам 18 шілде күні Береговая көшесі маңында "Восточный берег" мейрамханасынан алыс емес Есіл өзенінің жағалауында жоғалған. Оның бойы 170 см шамасында, шымыр денелі келген, қой көзді, қарақоңыр шашты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925164-symkentte-zogalgan-balany-policiya-bir-sagattyn-isinde-tapty/

pixel