Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 бала жетім қалды: Алматы облысында ерлі-зайыптылар пневмониядан қайтыс болды

Опубликовано:

Жансақтау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Есік ауруханасында отбасылық жұп пневмониядан қайтыс болды. Төрт бірдей бала жетім қалды. Ақпаратты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі растады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 32 жастағы әйел мен 31 жастағы ер адам пневмонияның ауыр түрімен ауруханаға түскен. Медицина қызметкерлерінің барын салғанына қарамастан, ерлі-зайыптыны құтқару мүмкін болмапты.

"Екеуінде де пневмонияның ауыр түрімен байланысты коронавирус инфекциясы анықталды. Дәрігерлер барлық тиісті көмекті көрсетті. Бірақ, өкінішке қарай, пациенттерді аман алып қалу мүмкін болмады. Ерлі-зайыптылар бірнеше күн айырмашылығымен көз жұмды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

9, 5, 4 жастағы балалар және шұғыл жағдайда дүниеге есігін ашқан нәресте ата-анасыз қалған.

"Кесарь тілігі жасалды. Жүктіліктің 27-28 аптасында мерзімінен бұрын босанды. Бала жаңа туған сәбилерге арналған жансақтау бөлімінде жатыр", - деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасы.

Осы ретте Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі жағдайды бақылауға алғаны белгілі болды. Жетім қалған балалар қазір туыстарында.

"Тиісті құжаттар жиналып жатыр. Бала кімнің қамқорлығында қалады, бәрі тексерілуі қажет. Отбасыға демеушілер мен әкімдік жәрдем береді. Жағдай біздің бақылауымызда болады", - деді әкімнің баспасөз хатшысы Динара Төлемісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925172-4-bala-zetim-qaldy-almaty-oblysynda-erli-zaiyptylar-pnevmoniyadan-qaitys-boldy/

pixel