Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

43 градусқа дейін ыстық: 3 тамызда еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Опубликовано:

Жаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

Атап айтқанда, 3 тамызда күндіз Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстікке ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Сондай-ақ шаңды дауыл мен 43 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болжанады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Жекелеген аумақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Үржар ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде желдің екпіні – 18 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық болжанады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.

3-4 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі.

3-5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925180-43-gradusqa-deiin-ystyq-3-tamyzda-elimizdin-birnese-onirinde-eskertu-zariyalandy/

pixel