Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрлігінің шенеунігі жасырын жұмыс істеген барда демалған әйелі үшін кешірім сұрады

Опубликовано:

Бақытжан Ілияс
Бақытжан Ілияс. Фото: Facebook / Бақытжан Ілияс

"Қазақстан электр энергиясы мен электр қуаты нарығы операторы" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Ілияс карантиндік шектеулерге қарамастан, Нұр-Сұлтандағы жасырын жұмыс істеген барда демалған әйелінің әрекеті үшін кешірім сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде елордалық полицейлер келушілер жиналғын "What people" ресто-барының жұмыс істеп жатқанын анықтады.

Мекеме қонақтары караокемен ән айтып, демалып, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, бетперде тақпаған.

Сонымен қатар, келушілер әлеуметтік желілерде өздерінің қайда әрі қалай демалып отырғанын көрсетіп, тікелей эфирге шықты.

Кейін белгілі болғандай, демалушылардың арасында Ілиястың әйелі де болған. Шенеунік жұбайының әрекеті үшін кешірім сұрады.

"Бүгінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қала береді, санитарлық дәрігерлердің нұсқауларын орындау – біздің коронавирус инфекциясын жеңудегі маңызды фактор.
Мен әріптестерім сияқты санитарлық дәрігерлер ұсынған барлық сақтық шараларын қатаң сақтаймын. Мен сіздерден кешегі оқиға үшін шын жүректен кешірім сұраймын, әйеліммен сөйлестім, енді бұл қайталанбайды. Бізге қазіргі дағдарыстан шығуға тек ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы мен карантиндік шаралардың сақталуы көмектеседі", – деп жазды Ілияс Facebook-тегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925210-energetika-ministrliginin-seneunigi-zasyryn-zumys-istegen-barda-demalgan-aieli-usin-kesirim-surady/

pixel