RU

Шымкентте ер адамды балтамен ұрып, көлігінде тірідей өртеген азамат сотталды

Өрт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент тұрғыны бірден Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сот қылмыстың 2020 жылдың 26 ​​мамырында болғанын анықтады.

Жер үшін жанжал кезінде сотталушы Әлімбаев зардап шегушінің басынан балтаның ұшымен үш рет соққы жасаған. Ол есінен танған зардап шегушіні оның Toyota Camry көлігіне сүйреп апарады.

Жолай Әлімбаев салоннан 500 000 теңгені қолды қылып, артынша есінен танған азаматты ауылдың шетіне алып барып, көлігімен бірге өртеп жіберген.

Әлімбаев бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, өзгенің мүлкін қасақана өртеу, аса қатыгездікпен адам өлтіру деректері бойынша кінәлі деп танылды.

"Әлімбаев зардап шегушіні өлтіріп, аса ауыр қылмыс жасағаны ескерген сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды, оның 5 жылын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз режиміндегі мекемелерде, 15 жылын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік режиміндегі мекемелерде өтейтін болады. Оның әрекетінде қауіпті рецидив бар деген тұжырым жасалды", - деп хабарлады Шымкент сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін сүйіктісімен сөзге келіп қалған елордалық жігіт оның көлігін өртеп жібергенін жазған едік.

Аталған фактіге қатысты "өртеп жіберу жолымен бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925232-symkentte-er-adamdy-tiridei-ortegen-azamat-sottaldy/