Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға вакцинаның тағы 8 миллион дозасы жеткізіледі

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда вакциналауға жататын халықтың 40%-ға жуығы екпе алды. Алдағы уақытта елімізге тағы 8 миллион доза вакцина жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Министрлік 4 миллион адамға 8 миллион доза вакцинаны қосымша жеткізуге келісімшарттар бекітті. Олар кестеге сай жеткізіледі. Осыған байланысты республикада вакцина жеткілікті көлемде", - деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, қазіргі кезде 9,4 миллион доза пайдаланылған. Оның ішінде 1-ші компонент 5 480 094 адамға егілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 55,4%-ін құрайды.

Екінші компонентті 3 941 941 адам немесе вакциналануға тиіс тұрғындардың 39,8%-і алды.

Айта кетейік, республика бойынша коронавирусқа қатысты жағдай ушығуда. Өткен тәулікте COCID-19 жұқтырған тағы 7481 адам тіркелді. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда қауіпті індет анықталғандар саны 595 433-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925246-qazaqstanga-vakcinanyn-tagy-8-million-dozasy-zetkiziledi/

pixel